
2024 жылғы 11 желтоқсанда № 27,30,33,36,37,38,39,42 мектеп директорларының орынбасарлары мен педагогтеріне «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасының түлегі А.А.Кандлинмен кездесуі өтті. Сегіз ай бойы Александр Арнольдович жеке, кәсіби және басқару құзыреттерін дамыту бойынша оқудан өтіп, Республикалық мектеп басшыларының кадрлық резервіне кірді. Кадр резерві - бұл білім беру ұйымдарында қызмет бабында, одан әрі жоғарылату және түйінді лауазымдарға тағайындау үшін қызметкерлердің әлеуетін анықтауға және дамытуға бағытталған қызметкерлерді даярлау және бағалау жүйесі. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы білім беру жүйесінің сапасын арттыруға және басқарушы кадрлардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған жоба.