«Білім берудегі 1000 өзгеріс көшбасшысы» атты кадрлық резерв түлегімен ZOOM кездесуі

«Білім берудегі 1000 өзгеріс көшбасшысы» атты кадрлық резерв түлегімен ZOOM кездесуі

2024 жылдың 10 желтоқсанында Күршім және Марқакөл аудандарындағы мектептер педагогтермен «Білім берудегі 1000 өзгеріс көшбасшысы» кадрлық резервінің түлегі А.З. Сапарғалиевамен ZOOM кездесуі өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіндегі менеджментті жаңғырту негізінде адами капиталдың сапасын арттыру жөніндегі стратегиялық міндетті айқындап, қысқа мерзім ішінде Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары басшыларының кадрлық резервін дайындауды тапсырды.
Бұл сұрақ нысаналы индикатор ретінде 2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамасында да көрініс тапқан. 2023 жылы білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысын даярлау жобасы басталды.
Биыл қатысуға ниет білдіргендер саны 2,5 есеге артты. Жобаның бастапқы кезеңінде барлығы 13 796 өтінім берілді.
Іріктеу процесі бес кезеңде өтті: кәсіби және басқару құзыреттерін бағалау үшін тестілеу, оқыту, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиямен әңгімелесу. Кандидаттарды іріктеу және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды Педагогикалық шеберлік орталығы жүргізді.
Кадр резервіне қойылған мамандар мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының бос лауазымдарына конкурстық рәсімдерден өтпей, оның ішінде «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынып жатқан мектептерге тағайындалады.
Жобаны іске асыру жұмыстары 2025 жылы жалғасуда.