
2024 жылғы 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі” КММ “Инклюзивті білім беру: әркімге тең мүмкіндік” тақырыбында семинар өтті. Семинарға ШҚО Білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және арнайы білім беру бөлімінің бас маманы Булжанова А.М., ШҚО Білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі жалпы орта білім беру секторының инклюзия білім беру әдіскері Кудербаева Г.Ф., ШҚО Білім басқармасының “Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация” КММ басшысы Байчинов Р.Т., осы мекеменің психологы Давыдова М.М., сонымен қатар қала мектептерінің директорлары қатысты.
Семинар барысында мектеп директорлары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды. Іс-шара аясында инклюзияны қолдау кабинеті мамандары “Әр бала түсіністікке құқылы” тақырыбында топтық жұмыс ұйымдастырды. Қатысушылар өзара белсенді түрде пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың маңызды мәселелерінің бірі – инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық сүйемелдеу сұрақтарын қарастыру болды.
Облыстық ПМПК мамандарымен кездесу пайдалы және қызықты өтті. Психолог Давыдова М.М. “Мектептегі инклюзия” тақырыбында іскерлік ойын өткізіп, ол қатысушылар арасында үлкен қызығушылық пен қызу талқылау тудырды.
Семинар тәжірибе алмасу мен инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған тиімді алаңға айналды.
Семинар стал продуктивной площадкой для обмена опытом и обсуждения актуальных вопросов инклюзивного образования.