Көшпелі әдістемелік десант

Көшпелі әдістемелік десант

2024 жылғы 21 қарашада Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімі № 13 орта мектептің педагогтарына арналған көшпелі әдістемелік десант ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің бастамасымен 2024-2025 оқу жылында «Сапалы білім, баршаға қолжетімді» ұлттық баяндамасы шеңберінде «943 - елдегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты - ұйымдардағы білім сапасын арттыру. Бұл жобаға облыстың 25 нысаналы мектебі қатысады. Өскемен қаласы бойынша Нысаналы мектептер жобасына № 13 орта мектеп енгізілді.

«Әдістемелік десант» - бұл педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін «әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған көшпелі практикум-консультация». Жұмыс тобының құрамына қалалық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері мен № 9, 29, 43 мектептер директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары кірді. Әдіскерлер педагогтардың сабақтарына қатысып, құжаттармен танысып, әдістемелік көмек көрсетті. Іс-шараның қорытынды бөлігінде рефлексия өткізілді, ол педагогтармен осы форматтағы жұмыстың маңыздылығын, пайдалылығын және қажеттілігін барабар бағалауға мүмкіндік берді.