Мектеп директорларымен кеңес өткізілді

Мектеп директорларымен кеңес өткізілді

2024 жылғы 29 қарашада Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінде басшының қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңеске Өскемен қаласының мектеп директорлары қатысты. Кеңесте келесі сұрақтар қаралды: «Оқушылардың қозғалысын талдау, 2024-2025 оқу жылының 1 тоқсанының қорытындысы бойынша білім сапасы» (С.Д. Тоқтарғалиева, жалпы орта білім беру секторының әдіскері), «№ 4, 16, 30, 45 мектептерде суицидтің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру» (А.Д. Нугумарова, қалалық әдістемелік кабинеттің әдіскері), «Қала мектептерінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мониторинг қорытындылары» (А.В. Кузьмицкая, жалпы орта білім беру секторының инспекторы). Білім бөлімі басшысының м.а. Д.О. Шарипова кеңесті қорытындылады. Кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.