"Инклюзивті білім беру жағдайында құжаттама жүргізу негіздері" тақырыбында семинар

"Инклюзивті білім беру жағдайында құжаттама жүргізу негіздері" тақырыбында  семинар

Ағымдағы жылдың қараша айының 28 жұлдызында қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес "№15 орта мектеп" КММ мамандары "ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚҰЖАТТАМА ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ" тақырыбында семинар өткізді. Мақсаты: инклюзивті білім беру практикасын іске асыруда тәжірибе алмасу үшін педагогтерді біріктіру, құжаттама жүргізу негіздерімен бөлісу. Семинар Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің инклюзивті білім беру жөніндегі әдіскері Г.Ф.Кудербаеваның алғы сөзімен ашылды. Іс-шараға қалалық білім беру ұйымдарының 70-ке жуық арнайы педагогтері, психологтары мен педагог-ассистентері қатысып, құжаттама жүргізуге байланысты тәжірибе алып, білімдерін жетілдірді.