«Ағылшын тілі сабақтарында білім сапасын жақсарту үшін қолданылатын тиімді әдістер мен тәсілдер» атты облыстық семинар-практикум

«Ағылшын тілі сабақтарында білім сапасын жақсарту үшін қолданылатын тиімді әдістер мен тәсілдер» атты облыстық семинар-практикум

27 қараша 2024 жылы ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығында» «Ағылшын тілі сабақтарында білім сапасын жақсарту үшін қолданылатын тиімді әдістер мен тәсілдер» атты облыстық семинар-практикумы өтті.

Семинар мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, ағылшын тілі бойынша әдістемелік кешендерді тәжірибеде тиімді пайдалануға жәрдемдесуге, педагогикалық шеберлікті арттыруға, сондай-ақ мұғалімдерге практикалық және әдістемелік көмек көрсетуге бағытталды.

Іс-шараға облыстық мамандандырылған мектептерден, қалалық және аудандық білім беру ұйымдарынан 50 ағылшын тілі мұғалімі қатысты.   

 Семинарды ШҚО білім басқармасының «Örken» ШҚ өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми әдістемелік  орталығының әдіскері М.Асанова, қалалық білім бөлімінің әдіскері А.Дашенова ашып, бағдарламамен таныстырып, қатысушыларға табысты жұмыс тіледі.

«№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ ағылшын тілі мұғалімдері Ж.Мұсахаева, Г.Иманкенова, А.Уралова,
Г.Шәрипова және А.Мұсабекова өздерінің педагогикалық шеберлігін көрсетіп, үздік сабақ үлгілерін ұсынды, оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа әдіс-тәсілдерін ортаға салды.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс арқылы өз әсерлерімен бөлісті. Талқылаулар белсенді өтіп, мұғалімдер әдіскер ұсынған сұрақтарға жауап бере отырып, өзара пікір алмасты. Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасу мен өзара әрекеттестіктің маңызды алаңына айналды.