
2024 жылдың 17 қарашасында Оқушылар шығармашылығы сарайында «Жанұя» отбасылық жобасы аясында үйірмешілер мен олардың ата-аналарына арналған «Музыкалық интуиция» интерактивті ойыны өтті.
Қатысушылар барлық кезеңдерден өтіп, әртүрлі дәуірлердегі музыкалық бағыттар бойынша экскурсия жасады, сондай-ақ алдағы аптаға қуаттанды.
Мұндай форматтағы іс-шаралар отбасылық құндылықтарды сақтауға және балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.