
«Педагог - психологтың қоржыны» бағыты бойынша "Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқауының қалалық кезеңі
2024 жылғы 19 қарашада ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің басшылығымен педагог - психологтардың, логопедтердің, білім беру ұйымдарының дефектологтарының қатысуымен "Педагог - психологтың қоржыны" бағыты бойынша "Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті ."Педагог-психологтың қоржыны" бағыты бойынша педагог-психологтардың, дефектологтардың, логопедтердің презентациялық материалдары мен әзірлемелері ұсынылған . Үздік инновациялық жұмыстар жүлделі орындарға ие болды және жұмыста пайдалану үшін кеңінен таратылды.