
31 қазанда №1 Балалар музыка мектебінде «Күзгі дивертисмент» мерекелік жобасы аясында «Жас музыканттарға арнау» дәстүрлі іс-шарасы өтті, оған барлық музыкалық мамандықтардың 1-сынып оқушылары қатысты. Жас музыканттарға «Музыкалық пері» мен «Күз аруы» қонаққа келді. Шара финалының салтанатты сәті жас музыканттардың ант беруі болды. Шақырылған ата-аналар мен ата-әжелер балаларға жылы лебіздерін білдірді.