"Қорытынды аттестаттауға дайындық" тақырыбында кеңейтілген семинар

"Қорытынды аттестаттауға дайындық" тақырыбында кеңейтілген семинар

2024 жылдың 31 қазанында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің айлық жоспарына сәйкес 9 - 11 сынып оқушылары үшін «Қорытынды аттестаттауға дайындық» тақырыбында кеңейтілген семинар өтті.

            Қазақ мектептері үшін: «11 - сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау барысындағы іс - тәжірибемізден ...». Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері № 16  ОМ - Ж.С.Байзолдина,  № 48  ОМ - Б.А.Сулейменова оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау  тапсырмалары мен дайындық дағдыларын нақты қалыптастыру үшін АКТ арқылы жасалған жұмыс түрлеріне тоқталып,  өз іс - тәжірибелерімен бөлісті.

         Орыс мектептері үшін: «9, 11 сыныптарда қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдарымен (оқылым дағдыларын дамыту арқылы оқушылардың тілдік құзырлықтарын арттыру) іс - тәжірибе бөлісу тақырыбында

№ 12  МГ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері А.Т.Кизатаева, С.М.Мукашева

мәтінмен жұмыс істеудің ерекшеліктеріне тоқталды.

          Кері байланыс кезінде қатысқан мұғалімдер өз пікірлері мен ұсыныстарын айта отырып, семинардық жоғары дәрежеде өткендігіне алғыс білдірді.

         Семинарға барлығы 48 педагог қатысты.