
23 қазан күні «Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» КММ қазақ тілі пәні мұғалімі Ертарғынова А.Е оқушылармен «Республика күніне» арналған «Менің Отаным-Қазақстан» атты танымдық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: білім алушылардың бойына туған еліне деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дарыту. Оқушылар аталмыш мерекенің тарихымен танысып, жүрекжарды пікірлерімен бөлісіп, сабаққа белсене қатысты.