
ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы» ҚМҚК-да 2024 жылдың 23 қазанында ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтеріне арналған «Құзіреттілік орталықтары: тәжірибе, инновация, перспективалар» тақырыбындағы өңірлік семинар өтті. Семинардың мақсаты:мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруда құзыреттілік орталықтардың озық іс-тәжірибелерін тарату. Іс шара облыстық білім басқармаларының оқу-әдістемелік орталықтары мен кабинеттері әдіскерлерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларының, әдіскерлердің, тәрбиешілердің қатысуымен ұйымдастырылды. №1 «Балапан» балабақша-бөбекжай педагогтері қатысушыларды «Бусоград», «В.В.Воскобовичтің дамытушы ойындары», ТРИЗ (ӨТТШ), Жобалау әрекеті технологияларын, балаларда дивергентті ойлауды қалыптастыру, мнемосызба, синквейн әдістері, ертегі, құм, асық терапияларын қолдану ерекшеліктерімен таныстырды. Тәжірибе алаңында педагогтер мектепке дейінгі білім беру саласындағы озық тәжірибелерін талқылауға және бөлісуге мүмкіндік алды.