2024 жылдың 24 қазанында Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының 8 - 11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі Республика күнін мерекелеу шеңберінде «Ұлықтауға тиіс ұлы күн» атты тақырыпта эссе байқауынан І орын жеңіп алған 47 жеңімпаз оқушыларды марапаттау рәсімі «ЗЕРЕК» орталығында өтті.
Жеңімпаз оқушыларға марапаттау рәсіміне Өскемен қаласының әкімі Ж.Омар қатысты.
Қала әкімі Ж.Омар оқушыларды Ұлттық мереке Республика күнімен және эссе байқауының жеңімпазы болғандары үшін құттықтап, өз атынан Мадақтама және «Сүйікті қалам Өскемен» фото - альбомын сыйға тартты.
Оқушылар қала әкімімен фотоға түсіп, қолтаңба алды.