Қалалық оқушылар айтысы

Қалалық  оқушылар  айтысы

 Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі   25 қазан Республика күніне орай  қалалық  оқушылар  айтысын өткізді. Айтысқа қаланың білім беру ұйымдарынан 12 оқушы қатысты.

         «Ақындар айтысының» мақсаты:  ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.

         Үш айналымнан тұратын айтыстың қорытындысы бойынша:

         Бас жүлде - Руслан Силамбек, Абай атындағы № 33 орта мектебі 

         1 - орын -  Назым Ерғалиқызы, № 35 орта мектебі

         2 - орын - Мұхтар Мұратханұлы, № 33 орта мектебі 

         2 - орын - Фарида Қыдырмолдин,  № 35 орта мектебі

         3 - орын - Амина Ерболатова,  № 45 орта бейінді мектебі 

         3 - орын - Нұрай Нұрбек, Абай атындағы № 33 орта мектебі

         3 - орын - Ақмаржан Нұрболқызы, А.Байтұрсынов атындағы  № 20 орта мектебі жеңімпаз атанды.

         Айтысқа қатысқан оқушылар Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталып, демеушілердің сертификаттарын иеленді.

         Жеңімпаздарды құттықтаймыз!