
Бүгін, яғни 2024 жылдың 22 қазанында Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының 8 - 11 сынып оқушылары арасында қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі Республика күнін мерекелеу шеңберінде «Ұлыстың тиіс ұлы күн» атты тақырыпта эссе байқауы басталды.
Байқау оқушылардың азаматтық сана - сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Бүгін эссе байқауының мектепішілік кезеңіне қаланың білім беру ұйымдарынан 7323 оқушы қатысып жатыр.
Бұл эссе байқауына сыныптардағы барлық оқушылар қамтамасыз етіледі.