«Отбасылық мафия» детектив ойыны

«Отбасылық мафия» детектив ойыны

20 қазанда Оқушылар шығармашылық сарайында «Жанұя» білім беру жобасы аясында «Отбасылық мафия» детектив ойыны өткізілді, оған Сарай оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.
Қатысушылар интригалар мен жұмбақтарға толы қызықты детектив әлеміне еніп кетті.
Ойын кезінде балалар мен ата-аналар бос уақыттарын бірге пайдалы өткізді.