
Республика Күні мерекесінің қарсаңында “Жігер” балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі “Бес тас” ұлттық ойыны бойынша қалалық жарыс ұйымдастырды. Бұл іс-шара жасөспірімдер арасында достықты нығайтуға, ұлттық дәстүрді танытуға және өскелең ұрпақтың спорттық рухын дамытуға бағытталған. “Бес тас” ұлттық ойыны бойынша қалалық жарыс мәдени дәстүрлердің және белсенді өмір салтының маңыздылығын айқындайтын жарқын оқиға болды. Іс-шара көптеген жағымды эмоциялар және осыған ұқсас жарыстар болашақта да өтетініне сенімділік қалдырды.