Білім бөлімінің жоспары бойынша және «Нысаналы мектеп» жобасы аясында шеберлік сабағы

Білім бөлімінің  жоспары  бойынша және «Нысаналы  мектеп»  жобасы  аясында шеберлік сабағы

     2024  жылдың  9  қазанында    Шығыс  Қазақтан  облысы  білім  басқармасының  Өскемен  қаласы  бойынша  білім бөлімінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  әдіскері  Скакова  Зульфира    Сатыбалдиновна,   білім бөлімінің  жоспары  бойынша және «Нысаналы  мектеп»  жобасы  аясында  ШҚО  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 13 орта  мектебі»  КММ - нде  шеберлік сабақтарын өткізді. 

    Тәжірибелі  әдіскер Зульфира  Сатыбалдиновна 5, 7,  8, 10, 11 сыныптарда  сабақ  кестесі  бойынша  сабақ  жүргізіп, мектеп  мұғалімдеріне  әдістемелік  көмек  көрсетті. Зульфира Сатыбалдиновна    жас  мамандарға   сабақта  тыңдалым, айтылым, жазылым, сөйлесім  дағдыларын  қалыптастырудағы  белсенді  әдіс - тәсілдерін тиімді қолдануды  үйретті.  Қала мұғалімдеріне  қысқа  мерзімді  сабақ  жоспарын   құру  және  жиынтық бағалау жұмыстарын  өткізу  бойынша бағыт - бағдар  берді.             

Шеберлік  сабақтарға  қаланың  № 2, 6, 7, 13, 38  мектептерінің  жас мамандары   келіп  қатысты.  

Кәсіби  шеберлігі  мықты   педагог - шебер әдіскердің   шеберлік   сыныптары  өте  жоғары  әдістемелік деңгейде өтті.