
«Өскемен қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың 2 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика пәндері бойынша кешенді Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті. Олимпиадаға қаланың 42 мектебі қатысты. Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне жоғары балл жинаған №10, 12 мектеп-гимназия, №34 лицей және №27, 37, 39 орта мектептердің оқушылары қатысады.