
25 қыркүйек 2024 жылы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Мұғалімдер күні аясында Митап (Meetup) «Ұстаздық - ұлы қызмет» педагогикалық әулет өкілдерімен кездесу болып өтті.
Кездесуге Балғабаевтар әулеті - № 22 мектеп, Қаматаевтар әулеті - № 15 мектеп, Журавлевтар әулеті - № 11, 29 мектеп, Сабитовтар әулеті - № 9, 34, 45 мектептер қатысты.
Педагогтер әулеті алдымен мұғалімдер мен оқушыларды өздерінің ұстаздық жолдағы тарихпен таныстырып, ұрпақ сапақтастығын көрсетті. Ата - бабадан басталған әулет немереге дейін ұласып, 3 ұрпақпен жалғасып жатқанын айтып өтті.
Ұстаз бен шәкірттердің жүрекпен тілдескен диалогы бірде сұрау, бірде ой, бірде кемеңгерлік сөзбен өріліп отырды. Оқушылар өз ұстаздарына сұрақтар қойып, жағдаяттар ұсынды. Ұстаздар сұрақтарға жауап беріп, жағдаяттан шығуда өз тәжірибелерін ұсынды.
Әулетпен кездесу мерекесі өте мазмұнды, тартымды, қызықты өтті.
Әулет өкілдеріне зор табыс, мықты денсаулық тілейміз!