«Нақты жол қозғалысындағы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі»

«Нақты жол қозғалысындағы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі»

«Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі» МКҚК-нің ШҚО Полиция департаментімен әлеуметтік серіктестігі аясында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының “Асыл Мирас” аутизмі ( аутизм спектірдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы)” КММ-да қозғалыс жас инспекторлары мен қосымша білім беру педагогтары «Нақты жол қозғалысындағы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
Арнайы автоалаңда жас жаяу жүргіншілер реттелетін және реттелмейтін қиылыстарда жолдың жүріс бөлігінен өту қағидаларын меңгерді. Жол қозғалысын полиция қызметкері реттеген жағдайда жолдың жүріс бөлігінен өту дағдыларын нығайтты.
Оқыту іс-шарасы соңында балаларға патрульдік автокөліктің жыпылдауық маяктары қосылған кезде жолда мұқият болуды және арнайы автокөлікті өткізіп жіберуді түсіндіріп берді.
Осындай іс-шаралардың заңға бағынатын жол қозғалысының қатысушысын тәрбиелеуде ерекше маңызы бар екендігін атап өткен жөн.