
Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні аясында «Позитивтегі әлем» акциясы
Суицид - қоғамның ұзақ мерзімді әлеуметтік мәселесі.
Білім бөлімінің іс - шаралар жоспарына сәйкес Өскемен қаласының барлық мектептерінде балалар мен жасөспірімдердің назарын өмір құндылықтарына аудару, оқушыларды қазіргі өмірдің жағымсыз құбылыстарынан алшақтату мақсатында Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні аясында «Позитивтегі әлем» қалалық акциясы өткізілді.
Позитивті көзқарас - бұл оқу жылының басында бейімделу кезеңінде оқушыларға үлкен қолдау. Акция өткізілетін күндері оқушыларды педагог -психологтар ұйымдастырған: «Өмір мен үшін...», «Мен Саған ҰБТ туралы құпия айтып беремін» онлайн - сұхбаттар, «Менің көңіл - күйім», «Өмір құшағында» көңілді іс - шаралар өткізілді. «Өмірдің көңілді түстері» квест - ойындары, «Позитивте» флешмобтары, «Ұстаздарымыздың күлкісін тап» фото - челлендждері, «Объектив арқылы позитив» фото - байқаулары және т. б.
Сондай - ақ, мектептерде «Отбасымен бірге татумыз!», «Анам, әкем және мен - тату отбасы!» отбасылық спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Өңірлік орталық мамандарымен бірлесе отырып, жасөспірім оқушыларға арналған «Шекарасыз диалог» шарасы өткізілді, жасөспірімдерде туындайтын өзекті мәселелер мен осы ретте бастан кешкен сезімдер қызу талқыланды. Өткізілген барлық іс - шаралар өмірді растайтын ұстанымды, жағымды эмоцияларды қалыптастыруға, өзін - өзі сезінуді дамытуға бағытталған