
2024 жылдың 18 қыркүйегінде ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 орта мектебі» КММ-інде «Өрлеу» БАҰО АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының АЖБ- ның аға оқытушысы, нысаналы мектептің үйлестірушісі Ш.С. Сағындықованың бастамасымен және Өскемен қаласы білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Н.Т. Капчикова., қалалық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері: З.С. Скакова Ю.В.Юрова., Д.Л.Шакерова., А.А Наркулова.,М.Т Анжанованың қатысуымен ақпараттық семинар өткізілді. Семинарда мектептің педагогикалық ұжымы «Республикадағы 943 нысаналы мектептерді дамыту» жобасының мазмұнымен, мектептің жеке портреті, жұмыс жоспарымен таныстырылып, алдағы уақытта білім сапасын арттыру мақсатындағы бірлескен іс-шаралармен таныстырылды
Семинардың негізгі мақсаты: мектеп мұғалімдерін психологиялық қолдау және әдістемелік көмек көрсету. Баяндамашылар мектеп мәселесін шешу жастардың шығармашылығында, тәжірибелі ұстаздардың шеберлігі мен парасаттылығында екенін баса айтты