
Оқу кабинеттерін аттестаттау бойынша білім бөлімінің жұмыс комиссиясының отырысы
2024 жылдың 12 қыркүйек күні қала мектептеріндегі оқу кабинеттерін аттестаттау жөніндегі білім бөлімінің жұмыс комиссиясының отырысы өтті. Комиссия қала мектептерінің 50-ден астам кабинеттерінің құжаттары мен төлқұжаттарын қарап шықты. Кабинеттерді аттестаттау келесі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады: 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы, 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.