Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен кеңес

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен кеңес

2024 жылғы 17 қыркүйек күні білім бөлімінде ZOOM платформасында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен кеңес өткізілді. Кеңес модераторы ҚӘК меңгерушісі Н. Т. Капчикова "Барлығына қолжетімді сапалы білім" ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша Шығыс Қазақстан облысының Жол картасының іс-шаралары туралы айтып берді. Қала бойынша білім бөлімінің бұйрығына сәйкес мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттік орталықтары бекітілді. 2024-2025 оқу жылында мектептердің қызметін қаланың мектепке дейінгі ұйымдарымен синхрондау бойынша жұмыс жүргізу, "құзыреттілік орталықтары - өсу нүктелері - базалық әлеует мектептері" алгоритмі бойынша жұмысты жоспарлап жүргізу қажеттігіне қатысушылардың назарын аударды. Нургуль Тлеубековна білім беру сапасын арттыруға бағытталған "943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту" тақырыбына тоқталды. Біздің облыстың бірінші ағымында жобаға 25 нысаналы мектеп қатысады. Жобаның жалпы мақсаты-2028 жылға қарай нысаналы мектептер санын 32% - дан 15% - ға дейін азайту.