
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі 09.09.2024 жылы, сағат 15.00 - де Дәуірдің дара ұстазы» , КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы ұлт ұстазы - Қанипа Бітібаева» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында қалалық дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында алғы сөзді Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің әдіскері З.С.Скакова алып, жылы лебізін білдірді.
Дөңгелек үстелде Қ.О.Бітібаеваның олимпиадасына оқушы дайындауда өздерінің іс - тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар И.А.Ибатаева, И.К.Меткенова, Ж.С.Көкебаева, А.М.Мухамедиева, Б.А.Сулейменова, А.Торғайн, С.У.Боккутова, М.М.Абдрахманова, Д.Б.Сатенбаева Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі басшысының марапатына ие болды.