«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі

«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі

Өскеменде «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Мақсаты: өткен оқу жылының қорытындыларын шығару және жаңа 2024-2025 оқу жылына арналған міндеттерді белгілеу; сапалы білім беруді қамтамасыз ету, тұрақты даму және үздіксіз білім беру құзыреттерін қалыптастыру үшін қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлерін талқылау бойынша педагогикалық қоғаммен диалог. Кеңеске қаланың 400-ден астам педагогы жиналды. Іс-шараға білім бөлімінің басшысы С.Б. Алагузова, ПШО директоры Г. Б. Раисова, «Күнділік» ЖШС цифрлық қызметтер бөлімінің басшысы Е. А. Мадинаев, «Testter.kz» ЖШС техникалық бөлімінің басшысының орынбасары Қуаныш Наиль қатысты.
Пленарлық отырыс барысында педагогтердің біліктілігін арттыру, білім беру үдерісіне инновацияларды енгізу, бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланып, қаланың білім беру саласын дамытудың жаңа векторлары айқындалды. Білім бөлімінің басшысы С.Б. Алагузова 2023-2024 жылдың қорытындыларымен және жаңа оқу жылына педагогикалық жұртшылықтың алдына қойылған міндеттермен таныстырды. Спикерлер білім беру саласындағы тәжірибелерімен және инновацияларымен бөлісті. Іс-шара қаланың үздік педагогтарын марапаттаумен аяқталды.