Жаз - әрқашан көңілді, қызықты, жарқын және ұмытылмас уақыт. «Қазақстанның мәдени мұрасы» атты музыкалық-танымдық іс-шарада оқушылар музыкалық аспаптармен танысып, қазақтың танымал хиттерін орындап, ырғақты қыздыру жаттығуларына қатысты. №1 Балалар музыка мектебінің жас дарындары өздерінің орындаушылық және хореографиялық шеберліктерін көрсетті.