
2024 жылы 04 маусым күні "Жұлдыз" балалар өнер мектебінің көркемсурет бөлімінің педагогтары Қазақстан тауында ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған "Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз" тақырыбында жазғы суреттер плэнерін ұйымдастырды. Пленэр-табиғатта сурет салудың керемет және жарқын өнері. Пленэр сабақтарында жас суретшілер "қолдың қаттылығы", "толық көру" қабілеті, бақылау және талдау сияқты қажетті қасиеттерді дамытады. Көздің өткірлігі мен дәлдігі дамиды. Пленэр практикасында оқушылардың көркемдік шеберлігі де жетілдіріледі.