«2023 - 2024 оқу жылын қорытындылау, жаңа оқу жылына арналған жаңа міндеттер» атты оқу жылын қорытындылаудың кеңейтілген семинары

«2023 - 2024 оқу жылын қорытындылау, жаңа оқу жылына арналған жаңа міндеттер» атты оқу жылын қорытындылаудың кеңейтілген семинары

2024 жылдың 22 мамырында «№ 36 орта мектебі» КММ - нде «2023 - 2024 оқу жылын қорытындылау, жаңа оқу жылына арналған жаңа міндеттер» атты оқу жылын қорытындылаудың кеңейтілген семинары болып өтті.

            Семинарда қалалық білім бөлімінің әдіскері З.С.Скакова өткен оқу жылындағы  жетістіктерге жан - жақты тоқталып, жыл бойы  білім алушылардың өтілген іс - шараларға қатысудағы жетістіктері мен   мұғалімдердің ҒПК - ға, байқауларға қатысуларындағы жетістіктері туралы ақпарат берді, соның ішінде қазіргі ең өзекті мәселенің бірі - аралық аттестаттауды өткізу екендігіне басымдылық түсірді.

            Семинарда «М.Шаяхметов атындағы  № 23 орта мектебі» КММ - нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Н.Бердигожина   «Білім алушылардың білім сапасын арттыру және оны шешу жолдары» тақырыбында өз іс - тәжірибесімен  бөлісті. Білім алушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқу  іс - әрекетін сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты және оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрету тағы басқа сол сияқты обьектісіне айналдыратын кілт - мұғалімнің қолында екеніне тоқталды. Оқушының біліміндегі олқылықтардың алдын алу және жою жолдары туралы айтты. Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру  барысында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға бағыттау керегін және осы бағытта  мектептерінде  атқарылып жатқан іс - шараларға тоқталып өтті.

            «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі жетекшісі Ж.Қ.Торгаева   «Жетістіктер баспалдағы» тақырыбында  2023 - 2024 оқу жылы бойынша мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерімен таныстырып өтті. Әдістемелік бірлестік мұғалімдері жыл көлемінде қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық  сайыстар мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген.

             «Үйірме жұмыстары - тіл үйретудің алғашқы нысаны» (Ж.К.Азирбаева, № 34 мл.) атты тақырыпта мемлекеттік тілді үйрету барысында үйірмелердің атқаратын рөлі зор екендігін, оның мақсаты мен міндеттеріне, мектепішілік шараларға қатысып, алып жатқан жетістіктері туралы айтып,  іс - тәжірибемен бөлісті.

            Семинар жоғары дәрежеде өтті.