2024 жылдың 23 мамырында Өскемен қаласының, Қажымұқан атындағы жекпе-жек сарайының алаңында үздік IT-жобаларының көрмесі өткізілді.
Қатысушылар өз жұмыстарын 4 секторда таныстырады – «Maker Fest», «Junior Skills», «Robotime», «Cluster Pro». Көрмеге Өскемен қаласы мектептерінің оқушылары 21 жобаны ұсынды.
Көрме аясында облыстық IT-Хакатон «ŞYĞYS ÖRKENІ 2024», «Skills for geeks 2024» IT-чемпионатының және облыс педагогтары арасындағы «IT-Ūstaz 2024» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.