Кішкентай арманның үлкен ғаламшары

Кішкентай арманның үлкен ғаламшары
2024 жылдың 22 мамырында «Ертіс концерт» залында «Кішкентай арманның үлкен ғаламшары» Оқушылар сарайының шығармашылық есеп беру концерті өтті.
Үлкен сахнада жас жұлдыздар жарқырады. Көңілді әндер мен жарқын билер көрермен қошеметімен қолдау тауып, КТК студиясы тәрбиеленушілерінің тапқыр әзілдері көрерменді бей-жай қалдырмады.
Концерт тек таланттар мерекесіне ғана емес, сонымен қатар үйірме мүшелерінің әрқайсысы өткен оқу жылындағы өз нәтижелерін көрсете алатын орынға айналды.
Концерт залының фойесінде балалар Сәндік-қолданбалы өнер студиясының, Бейнелеу өнері және Медиа орталығы үйірмелерінің педагогтері мен оқушылары өздерінің үздік жұмыстарының көрмесін ұйымдастырса, «Шахмат клубы» балалар шығармашылық бірлестігінің мүшелері үлкен көлемдегі фигуралармен шахмат ойнады.
Есеп беру концерті білім алушылардың жетістіктерінің көрсеткіші ғана емес, сондай-ақ олардың өміріндегі шығармашылықтың маңыздылығының дәлелі болды.