«2023-2024 оқу жылының жұмысын талдау және қорытындылау. 2024 - 2025 оқу жылының мақсат - міндеттері» тақырыбында семинар

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің жоспары негізінде 2024 жылдың 22 мамыр күні №36 орта мектебінің базасында мектеп әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілеріне арналған «2023-2024 оқу жылының жұмысын талдау және қорытындылау. 2024 - 2025 оқу жылының мақсат - міндеттері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға жаратылыстану-ғылыми, жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы) бағыттар, бастауыш сыныптар қалалық мектептерінің пән бірлестіктерінің жетекшілері, педагог-психологтары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары семинарға қатысты. Секция модераторлары – қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері ағымдағы оқу жылында атқарылған әдістемелік жұмыстарға талдау жасап, жаңа оқу жылындағы мақсат-міндеттермен таныстырып, рефлексия жүргізді. Семинарға қала мектептерінен 380 мұғалім қатысты.