«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндама аясында Жол картасын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылғы 15 мамырда ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Құзыреттілік орталығы» жұмысы аясында білім сапасын көтерудегі инновациялық технологияларды қолдану тәжірибелерін жинақтау және қолдану мақсатында қала мектептерінің директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беру сапасын арттыруда инновациялық технологияларды пайдалану тәжірибесінен» тақырыбындағы панельдік сессия ұйымдастырылды.
Панельдік сессияға ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми әдістемелік орталығы директорының оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары Абетаева Гульнара Зекеновна, ШҚО бойынша «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының директоры Раисова Кульфарида Бабакумаровна, «Өрлеу» БАҰО АҚ ШҚО бойынша «Кәсіби даму институты» филиалы директорының орынбасары Даутбеков Бақыт Даутбекұлы қатысты және ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Капчикова Нургуль Тлеубековна қатысты.
Панельдік сессия барысында оқыту мен оқу сапасын арттырудағы инновациялық технологиялардың маңызы туралы талқылау жүргізілді, сұрақтарға жауап берілді.