«Қазақстан – конфессияаралық диалогтың аумағы» атты цифрлық плакаттар байқауы

«Қазақстан – конфессияаралық диалогтың аумағы» атты цифрлық плакаттар байқауы
«Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ 2024 жылдың 2 мамырында «№30 жалпы білім беретін мектеп» КММ алаңында 7 және 8 сынып оқушылары арасында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – конфессияаралық диалогтың аумағы» атты цифрлық плакаттар байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаттары: көпұлтты қазіргі Қазақстанның қалыптасу тарихы бойынша оқушылардың ақпараттық өрісін кеңейту, көркемдік, эстетикалық және ақпараттық технологияларды іске асыру арқылы оқушылардың патриоттық азаматтық ұстанымын, Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, толерантты сананы қалыптастыру, қазіргі Қазақстанда ұсынылған алуан түрлі мәдениеттерге құрметпен қарау.
Іс-шараға барлығы 100 адам қатысты.