«Эко-ФЕСТ» экологиялық акциясы

«Эко-ФЕСТ» экологиялық акциясы

20 сәуірде Оқушылар шығармашылық сарайында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының қолдауымен «Эко-ФЕСТ» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара «Туған жер» тәрбие беру жобасы аясында жоспарланып, 2 кезеңнен тұрды. Алдымен балалар, ата-аналар және педагогтер қайта өңделетін шикізатты жинап, макулатура мен пластикалық бөтелкелерді әкелді. Екінші кезең гүлдер отырғызу және гүлзарлар жасау болды. Сарай оқушылары ата-аналарымен және педагогтерімен бірлесе отырып, өз қолдарымен планетамызды тазартты.