«Педагогтың үздіксіз кәсіби даму кезеңдері: Мектеп-ЖОО - Біліктілікті арттыру институты» халықаралық жобасы шеңберінде семинар

«Педагогтың үздіксіз кәсіби даму кезеңдері: Мектеп-ЖОО - Біліктілікті арттыру институты» халықаралық жобасы шеңберінде семинар

2024 жылғы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№ 34 мектеп-лицейі» КММ-де «Педагогтың үздіксіз кәсіби даму кезеңдері: Мектеп-ЖОО - Біліктілікті арттыру институты» халықаралық жобасы шеңберінде семинар өтті. Мектеп Ресей Федерациясының Новосибир қаласындағы «Академик М.А Лаврентьев атындағы № 130 лицей» муниципалды бюджеттік жалпы білім беру мекемесінің директоры Сергей Владимирович Сопочкинді қарсы алды. Семинарға қалалық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Капчикова Нургуль Тлеубековна, Өскемен қаласының мектеп директорлары, Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша» Қамысты кешенінің» КММ директоры Какаулина Л.Н қатысты. Семинар бағдарламасына сәйкес қонақтар 11 «М» сыныбында геометриядан ашық сабаққа, 11 «Е» сыныбында химия сабағына, 5 «Б» сыныбында ойын шеберханасына қатысты. Математика пәнінің мұғалімі, магистр Куликова Анна Юрьевна, химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Гурьянова Ольга Борисовна, мектеп психологы, педагог-зерттеуші Галина Дмитриевна Васильева оқушылардың практикалық жұмыстарын көрсетті. Сондай-ақ физика пәнінің мұғалімі, педагог-мастер Ирина Михайловна Горлова мен биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ольга Александровна Астраханцеваның жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Қонақтар «Светоч» лицей оқушыларының ғылыми қоғамының отырысына қатысты, онда балалар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды. Семинардың жарқын сәті дәстүрлі «Ай қонағы» іс-шарасы болды, онда педагогтар, № 34 мектеп-лицейдің оқушылары мен № 130 лицейдің басшысы С.В.Сопочкин арасында диалог болды. Педагогтың кәсіби дамуы туралы іскерлік әңгіме Өскемен қаласының мектеп директорларымен дөңгелек үстел және № 34 мектеп-лицейінің әкімшілігімен питч-сессия барысында жалғасты.