2024жылы 30 сәуірде Оқушылар шығармашылық сарайында Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған «Бір аспан астында» сурет-акциясы өтті.
Жас суретшілер Отанға деген сүйіспеншілігін,халықтар бірлігін, достығын қарындаш, бояу және фломастер көмегімен салған суреттерінде көрсетті.
Сондай-ақ, балалар қызықты викторинаға қатысып, өздерінің қызығушылықтарын толық көрсете білді.
Акция нәтижесінде үйірме мүшелері екі үлкен жалпы сурет салып, әркім өз ізін қалдырды. Салынған суреттер сарайдың фойесінде орналастырылды.