«Педагогикалық қызметтегі инновациялық тәжірибелер: білім беру ұйымдарында іске асыру тәжірибесі» атты ғылыми-практикалық конференция

«Педагогикалық қызметтегі инновациялық тәжірибелер: білім беру ұйымдарында іске асыру тәжірибесі» атты  ғылыми-практикалық конференция

2024 жылғы 19 сәуірде №49 жалпы білім беретін мектеп базасында «Педагогикалық қызметтегі инновациялық тәжірибелер: білім беру ұйымдарында іске асыру тәжірибесі» атты тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға білім беру ұйымының директорлары, педагогикалық қоғам қатысты. Конференцияның пленарлық бөлімінде білім бөлімінің басшысы С. Б. Алагузова кіріспе сөз сөйледі. Сонымен қатар, аталмыш конференцияда баяндамалар жасалды:
1. Раисова Кульфарида Бабагумаровна, «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалының директоры. «Білім беруге қойылатын жаңа талаптар».
2.Куземко Лилия Петровна, ШҚО білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ директорының м. а.
«Психологиялық жұмыстың тиімділігі және оның білім беру процесіндегі рөлі».
3. Даутбеков Бакыт Даутбекұлы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы директорының орынбасары. «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы: жаңа стратегиялар мен технологиялар».
4. Ананишникова Ольга Викторовна, № 34 мектеп-лицейінің директоры. «Мұғалімнің үздіксіз білім беруіндегі мектептің рөлі».
5. Мажинова Чинар Тлегеновна, № 48 мектеп-қосымша білім беру орталығының директоры. «Мектеп менеджменті мен білім кеңістігінің сапалы нәтижеге бағытталған инновациялық моделі».
Пленарлық бөлімде Педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпаздары марапатталды. Конференция барысында алаңдар жұмыс істеді:
* Зерттеу Гайд-паркі (9 бағыт бойынша секциялар).
* Market Place (республикалық ауқымдағы кәсіби конкурстардың лауреаттары мен жүлдегерлерінің педагогикалық тәжірибесін трансляциялаудың стендтік тұсаукесерлері).
* Қала мектептері педагогтерінің білім беру ресурстарының көрмесі.