«Жалпы білім беретін балабақшада ЕББ қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың белсенді әдістері мен тәсілдерін қолдану».

«Жалпы білім беретін балабақшада ЕББ қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың белсенді әдістері мен тәсілдерін қолдану».
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі “№ 21 “Айналайын” балабақша-бөбекжай “ КМҚК базасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагог – психологтарына арналған “Жалпы білім беретін балабақшада ЕББ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуде белсенді әдістер мен тәсілдерді қолдану” тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Іс-шараның мақсаты: мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен психологиялық-педагогикалық жұмысты жетілдіру”.
Семинар барысында педагог-психолог Е.П. Гейгер диагностикалық және түзету-дамыту бағыттары бойынша АСБ бар балалармен жұмыс тәжірибесінен практикалық материал ұсынды.
Қатысушылар балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін талқылады, сондай-ақ даму ерекшеліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырумен байланысты өз бақылауларымен, проблемаларымен бөлісті.