2024 жылдың 17 сәуірінде кішкентай қонақтарымыздың «Vibe club» жобасы аясындағы «Бояулар шоуы» шығармашылық бағдарламасында көңіл көтеруіне байланысты, Оқушылар шығармашылық сарайы балалардың сыңғырлаған күлкісіне толды.
Балалар жүргізушімен бірлесе көңілді қонақ Полли Сайқымазақты күтіп алды, ал ол өзімен бірге жайдары көңіл-күйді ғана емес, сонымен қатар, көптеген жарқын түрлі ойындарды алып келді.
Балалар өздерінің шығармашылықтары мен шеберліктерінің арқасында бұлыңғыр және күңгірт суреттен жарқын және түрлі-түсті туындылар жасай алды.
Барлық қатысушылар Сайқымазақ Поллиден естелік сыйлықтар алып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.