"Белес" облыстық туристік старттарының қалалық кезеңі

"Белес" облыстық туристік старттарының қалалық кезеңі
17 сәуір 2024 жылы ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ ”Жас техниктер станциясы” КМҚК 9-11 жас аралығындағы балаларға арналған «Белес» облыстық туристік стартының қалалық кезеңі өтті. Жарысқа барлығы 14 команда қатысты. Қашықтықтағы кезеңдер кімнің ең епті, эрудициялы және жылдам екенін анықтауға мүмкіндік берді.
Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командалар:
I орын -Жас техниктер станциясы
II орын - №9, 29 мектеп
III орын - №39, №36 және Ахмер орта мектебі.