
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімімен ұйымдастыруымен «Айналаға қарашы –әлем әдемі!» қалалық сурет байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты-өмірге құндылық көзқарасын қалыптастыру, оқушыларды қазіргі әлемнің жағымсыз құбылыстарынан алшақтату, жас суретшілерге олардың шығармашылық қабілеттерін өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Байқаудың тақырыбы өзекті.
Балалардың шығармашылығы баланың ішкі әлеміне еніп қана қоймай, оның шындықты қабылдауы туралы білуге мүмкіндік береді. Құзыретті кәсіби қазылар алқасының өкілдері ұсынылған жұмыстарды қарап, үздік суреттердің авторларын анықтады.