«Мектепішілік бақылау білім сапасын басқару құралы ретінде» тақырыбында семинар-практикум

«Мектепішілік бақылау білім сапасын басқару құралы ретінде» тақырыбында семинар-практикум

2024 жылдың 10 сәуірінде Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі №39 орта мектепте «Мектепішілік бақылау білім сапасын басқару құралы ретінде» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинардың мақсаты: Оқу ісі жөніндегі директорлар орынбасарларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру. Шараға Өскемен қаласының мектептерінен 50 оқу ісі жөніндегі директорлардың орынбасарлары қатысты. №29, 43 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Федорова Е.В., Нурсадыкова А.К. мектепішілік бақылау жоспарының тарауларын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру алгоритмін құру бойынша практикум өткізді. Қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі Капчикова Н.Т. қатысушыларды білім беру мазмұнын жаңартудың теориялық-әдістемелік аспектілерімен және заманауи тәсілдермен, сондай-ақ жаңа Мемлекеттік білім беру стандарты жобасының мазмұнымен таныстырды. №10 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.А.Фоминых аттестаттау ережелері мен шарттарын түсіндіре отырып, баяндама жасады.