«Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2024» байқауының қорытындысы

«Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2024» байқауының қорытындысы

 

        26 наурыз 2024 жылы ШҚО білім басқармасы «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ қаланың білім беру ұйымдарында Облыс әкімінің сыйлығына  «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2024» облыстық байқаудың қалалық кезеңін бастады. 

         Байқаудың мақсаты: шығармашыл педагогтарды  қолдау және ынталандыру.

 Байқаудың ІV кезеңі оқушылардың білім сапасын бақылау.

         Мақсаты: оқушылардың білім сапасының деңгейін, сөйлеу әрекетінің 4 түрі бойынша тілдік дағдылардың қалыптасуын анықтау.

        Байқау турының форматы: барлық 3 кезеңнен  өткен жеңімпаздар арасында (1, 2, 3 орын) өткізіледі.

        Оқушылардың білім сапасын бақылау  кезеңіне  «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2024» облыстық байқаудың қалалық кезеңіне барлығы  11 педагог қатысты. Оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен - 5, орыс  тілі мен әдебиеті пәнінен - 4, ағылшын пәнінен  - 2 педагог.

             Байқаудың облыстық кезеңіне қатысу үшін келесі қатысушылардың -қалалық  кезең  жеңімпаздарының өтінімдері жолданады:

             Құралай Қабидоллақызы Қабидоллина, ШҚО білім басқармасы   Өскемен  қаласы  бойынша  білім  бөлімінің  «М.Шаяхметов атындағы  № 23 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 

             Зухра Жолдыбайқызы Қалижарова - Зухра Жолдыбаевна Калижарова, ШҚО  білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  «О. Бөкей атындағы № 44 лицей» КММ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.    

             Айдана Мақпозқызы Уралова - Айдана Мақпозқызы Оралова, ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 48 қосымша білім беру мектеп орталығы»  КММ, ағылшын тілі мұғалімі.

        Құттықтаймыз!