«Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2024»

«Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2024»
26 наурыз 2024 жылы ШҚО білім басқармасы «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ қаланың білім беру ұйымдарында Облыс әкімінің сыйлығына «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2024» облыстық байқаудың қалалық кезеңін бастады.
​ Байқаудың мақсаты: шығармашыл педагогтарды қолдау және ынталандыру.
​Байқаудың ІІІ кезеңі «Сабақ».
​Мақсаты: қатысушы білім алушыларының оқу - тәрбие үдерісі мен оқу қызметін ұйымдастырудың негізгі нысаны ретінде сабақты өткізу және талдау саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін көрсетуі.
​Байқау турының форматы: қатысушы оқу пәні бойынша сабақты (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі) ұйымдастыру комитеті бекіткен жалпы білім беру ұйымында өткізеді. Қатысушы сабақ өткізетін сыныбын таңдайды.
​«Сабақ» кезеңінен соң «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2024» облыстық байқаудың қалалық кезеңіне барлығы 11 педагог қатысты. Оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен - 5, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен - 4, ағылшын пәнінен - 2 педагог.