Жас құтқарушылар жасақтары арасындағы сайыс

Жас құтқарушылар жасақтары арасындағы сайыс

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған айлық аясында «N29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ және ШҚО Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, қала мектептерінің 6-сынып жас құтқарушылар жасақтары арасында жарыстар ұйымдастырды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде авариялық-құтқару жұмыстарының дайындығы және төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелері бойынша сабақтарды өткен балалар өрт эстафетасын аяқтап, альпинистік шеберліктерін көрсетті және шартты зардап шегушіні алдымен қауіпті аймақтан алып шығып, содан кейін, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Қорытындыны шығару кезінде құтқару қазылар алқасы кезеңдердің дұрыстығын және оқушылардың төтенше жағдайлардың алдын алу және қиындықтарды жеңу саласындағы білімдерін ескерді.

Қорытынды бойынша бірінші орынды №4 және №29 мектеп оқушылары, екінші орынды №10 және №16.мектеп командасы, үшінші орынды №22 мектеп оқушылары иеленді. Жеңімпаздар сертификаттармен марапатталды.

Өскелең ұрпақ үшін аман қалу сабақтары мен жарыстар әрқашан өзекті.