26.03.2024 жылы “Іс- әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу: Білім беру мекемелерінде жүзеге асыру тәжірибесі” атты НЗМ да педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен VI АЙМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ болып өтті. Конференцияға ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “Шоқан Уәлиханов атындағы N3 мектеп- лицейі” КММ- нен 12 МЕКТЕП КОМАНДАСЫ қатысып, өз зерттеулері бойынша 9 бағыттағы ТРЕНД жұмыстарының жүйелі нәтижесін ұсынды. Сонымен қатар, мектеп ұстаздары секция бағытында постерлік таныстырылым жұмыстарын қорғады.
LESSON STUDI сабақты зерттеу бойынша да әріптестеріміз өз жұмыстарының нәтижесін көрсетті. ВИРТУАЛДЫ ГАЛЕРЕЯ да мектеп ұстаздары өз жұмыстарын ұсынып, нәтижесі жоғары бағаланды. Конференцияға қатысқан ұстаздар өз іс- тәжірибелерімен бөлісіп, мектеп командасының жұмысын жан- жақты таныстыра білді. Мектеп ұжымы бірлескен жұмыстың нәтижесінде аймақтық конференция қатысушылары мен қонақтарының жоғарғы бағасына ие болды.