«Болашақ бүгіннен басталады»

«Болашақ бүгіннен басталады»
«Болашақ бүгіннен басталады» 3 күндік Көшбасшылар мектебі
2024 жылдың 29 наурызында 3 күндік «Болашақ бүгіннен басталады» атты көшбасшылар мектебі өз жұмысын аяқтады. Үшінші күн қызықтарға толы болды, қатысушылар танымал бейне ойын кейіпкерлерімен бірлесе, қызықты квесттен өтіп, кристалдар жинады. Жинаған кристаллдар гала-концертке қатысуға мүмкіндік берді, онда әрбір топ өз шығармашыл өнерлерін паш етті. Үш күн бойы балаларға тәлімгер болып қызмет еткен ұстаздар мен жоғары сынып оқушылары қатысушыларға ұмытылмас эмоциялар сыйлап, жаңа достар табуға көмектесті. Оқушылар шығармашылық сарайы әрбір қатысушыға естелік мадақтамалар мен тәтті сыйлықтар табыстады.